Алматыда Украинаны қолдау акциясы өтті. Халық Шевченко ескерткішіне гүл қоюда

Әкімдік митинг өткізуге рұқсат бермеген соң, белсенділер еске алу шарасына шыққан


24/02/2023
14:06 20724 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Алматыда құқық қорғаушылар мен белсенділер Украинаны қолдап, Тарас Шевченко ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Азаттық радиосының мәліметінше, гүл шоқтарын қойып жатқандардың көпшілігі ресейліктер.

 

24 ақпанда Алматыдағы Тарас Шевченко ескерткішінің алдына құқық қорғаушылар мен белсенділер жиналып, Украинаны қолдау акциясын ұйымдастырды. Олар Ресейдің іс-әрекетін айыптап, Украинаны қолдап сөз сөйледі. 

 

Бұған дейін қалалық әкімдік акцияны өткізуге рұқсат бермеген. Бірақ белсенділер Украинадағы соғысқа бейжай қарамайтындарын айтып, жұма күні түсте Шевченко ескерткішінің алдына жиналатынын айтқан. 

 

Белсенді Марат Тұрымбетов билік Украинаны қолдау митингісін өткізуге рұқсат бермеген соң, осылай шағын еске алу шарасын өткізуге мәжбүр болғандарын мәлімдеді. Оның сөзінше, Украинадағы соғыс Қазақстан үшін өте нәзік әрі өзекті мәселе. Өйткені Ресей Қазақстанды әлі күнге дейін өзінің провинциясы көреді және Солтүстік облыстарды өзіне қосып алудан дәмелі. 

 

– Ресей тәуелсіз мемлекетке шабуылдады. Көрші Ресейде Қазақстан аумағына қатысты да түрлі мәлімдемені естіп жүрміз. Қазақтар үшін бұл – өте нәзік тақырып. Себебі Ресей әрқашан Қазақстанды өзінің провинциясы көріп, Солтүстік Қазақстаннан дәмеленеді– деді ол.

 

Акция өтіп жатқан аймақты полиция бақылап тұр. Ескерткішке жақын жерде полицияның бірнеше көлігі мен автозак тұр. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/02/2023 14:06
20724 0

Уведомление